Қазақстан Халық Кеңесі:
1) мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттары; қоғамдық келісімді, жалпыұлттық бірлік пен ынтымақты нығайту;
Қазақстан Республикасы қызметінің негіз құраушы қағидаттарын және жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілету жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлейді;
2) Құрылтайға заң жобаларын енгізеді;
3) жалпыхалықтық референдум тағайындау туралы бастама көтереді.
Жаңа Ата заңның 71-ші бабында осылай жазылған. Мемлекет басшысының бастамасымен құрылатын Қазақстан Халық Кеңесіне зор міндет жүктелгелі отыр. Оның мүшелері ұлттық құндылықтарға да назар аудару қажет. Бұл қағиданы М.Жұмабаев ауданы білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Надежда Пащенко жоғары бағалайды. Оның пікірінше, заңдағы осы тұс қоғамдағы тұрақтылыққа, саналы жас буынның қалыптасуына зор ықпал етеді.
НАДЕЖДА ПАЩЕНКО, М.Жұмабаев ауданы білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы:
— Кәсіподақ өкілі ретінде айтарым, ұлттық құндылықтарды кұрметтеу – еңбек адамын құрметтеу. Ұлттық құндылық – тәлім мен тәрбиені байланыстыратын үлкен дүние. Бұл адамдардың бір-біріне деген сыйластығына да әсер етеді. Сондықтан жобадағы осы тұсты өзіме түртіп алдым. Жалпы, жаңа Конституция жобасын жоғары бағалаймын.
М.Жұмабаев ауданы білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының мүшелері тығыз байланыста. Олар алдағы референдумға біркісідей қатыспақ ойда.
Мәдина Қаби
