Тайынша ауданының орталығында қос таныс өзара келіспей қалып, соңы төбелеске ұласқан. 35 жастағы механизатор үйіне келген 45 жастағы ер адамды пышақтап тастаған. Қонақ азамат алған жарақатынан сол жерде көз жұмды. Екеуі де ішімдік ішпеген.
БИБІГҮЛ ҚАСЕНОВА, СҚО ПД тергеу басқармасының бөлім бастығы:
— Жеке үйлердің бірінде екі ер адамның арасында жанжал туындап, соның барысында олардың бірі пышақ жарақатын алып, оқиға орнында көз жұмды. Екінші қатысушы ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Қазіргі таңда болған оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде.
