Sailau banner

Қоғам

“AVAGRO” серіктестігіндегі келелі кездесу

Референдумды ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі облыстық штабтың өкілдері “AVAGRO” серіктестігінде болып, ұжыммен кездесу өткізді. Талқыланған тақырып – 15-ші наурызға белгіленген жалпыхалықтық дауыс беру. Бүгінде ауыл шаруашылығы бағытындағы кәсіпорында 180-ге жуық адам еңбек етеді. Қызметкерлер саяси науқанға жауапкершілікпен қарайды. Жүздесу барысында олар алдағы өзгерістерге қатысты айтылған деректерді ұйып тыңдап, өздерінің ойларын білдірді.

МӘДИНА ИСМАИЛОВА, СҚО ІСБ ақпарат және қоғамдық даму орталығының маманы:

— Қала тұрғындарына Конституцияның жаңа жобасына енгізілетін өзгерістерді, олардың қандай бағытқа қатысты екенін айту өте маңызды және қажет деп санаймыз. Өзіміз жақсы білетіндей, «Заң және тәртіп» республикалық қағидаты аясында бірқатар жаңашылдық орнамақ. Бұл бұқараға аса керек бөлімдер деп білемін.

ЕЛЕНА ГУБЧЕНКО, “AVAGRO” ЖШС директоры:

— Ақпаратсыз ешқандай шешім қабылдау мүмкін емес. Дәл саяси науқан қарсаңында топ өкілдері келіп, сапалы түсіндірме жұмысын жүргізді. Ұжым әрдайым белсенді. Дауыс беруге дайындалып жатырмыз десек болады. Бұған дейін де референдумға қатысты ойларымызды білдірдік.

Байболат Құлтанов