Sailau banner

Қоғам

Мұрат Қаражұманов: “Заңдағы өзгерістерді қолдаймын”

Қазақстанның Еңбек ері, елімізге танымал ауыл шаруашылығы маманы Мұрат Қаражұманов алдағы саяси өзгеріске қатысты пікір білдірді. Оның пікірінше, қазір бір орында тұратын кез емес. “Заманың түлкі болса, тазы боп шал” дегендей, қоғамдағы өзгерістерге қатысты басты құжат та өзгеруі қажет.

МҰРАТ ҚАРАЖҰМАНОВ, Қазақстанның Еңбек ері:

— Заңды өз басым қолдаймын. Қазақстанның гүлденуіне өзгеріс керек.

Енді Ата заңда күтілетін өзгеріске зер салсақ. Конституция жобасындағы 8-ші бапта ауыл шаруашылығына қатысты қағида бар.

— Жер жəне оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Халықтың атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады. Жер заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін.

Жер жеке меншікте болады. Бірақ, пайдаға жаратылуы және тиісті деңгейде күтілуі қажет. Бұл тұрғыда Қазақстанның Еңбек ерінің айтары мол.

МҰРАТ ҚАРАЖҰМАНОВ, Қазақстанның Еңбек ері:

— Жердің құнары кетпес үшін тиісті жұмыстарды уақытында жүргізу керек. Көктемде аңызақ жел соқса, топырақтың құнары кетеді. Ондай жерге егін шықпай қалады.

Ел ағасының сөзінше, алдағы референдум – қазақстандықтардың бірлігін көрсететін науқан. Ата заң – жалпыға ортақ құжат. Сондықтан, әр азамат шетте қалмауы тиіс.

 

Байболат Құлтанов