Sailau banner

ТЖ

Монша мен жеке тұрғын үй өртенді

Сенбі күні тапа-тал түсте Сергеевка қаласында орналасқан қоғамдық монша өртенді. Тілсіз жау бас көтерген шақта іште 10 адам болған. Қуанышымызға орай, олардың барлығы құтқарушылардың күшімен дер кезінде сыртқа шығып үлгерді. От 15 шаршы метр аумақты шарпыды. Бұған себеп – электр сымдарының қысқы тұйықталуы. Сонымен қатар, Петропавлдағы төрт пәтерлі жеке тұрғын үй өртке оранды. Жалынды ауыздықтау барысында мамандар нысан ішінен газ баллонын алып шығып, жарылыстың алдын алды. Отты сөндіруге жеке құрамның 12 қызметкері мен 3 техника жұмылдырылды. Анықталғандай, өрт тұрғындардың пешті дұрыс пайдаланбағанынан шыққан. Абырой болғанда 2 жағдайда да зардап шеккендер жоқ.