Солтүстікқазақстандықтарға құлаққағыс! Облыс орталығында Беларусь аяқ киімі мен Иваново тоқыма өнімдерінің жәрмеңкесі қайта басталды. Қысқы жәрмеңкенің жабылуына орай мұнда жеңілдік жүріп жатыр. Бүгін басталған науқан ақпанның 22-сіне дейін жалғасады.
ИРИНА МАСЛОВА, сату жөніндегі менеджер:
— Қысқы аяқ киімдердің барлығы – 25 мың теңге, ал күзгі үлгілер 15 мың теңге шамасында сатылуда. Өнімдер сапалы материалдан жасалған. Табаны нығыз, балтыр тұсы кең, бақай сүйегі шығыңқы келген жандар үшін ыңғайлы нұсқалары бар.
Әр келуші талғамына сай аяқ киім таба алады. Етіктер бұзау терісінен тігілген. Қысқы аяқ киімдердің табаны тайғанамайды. Тауарлардың сапасы күмән тудырмайды дейді мамандар.
ИРИНА МАСЛОВА, сату жөніндегі менеджер:
— Оған қоса, жәрмеңкеде түйе, қой жүні және мамықтан жасалған көрпелер бар. Сондай-ақ, жұмсақ жастықтар мен төсек-жаймалардың да түр-түрі қойылған. Біркісілік үлгіден, евро және отбасылық түрлеріне дейін бар.
Жәрмеңке қаладағы Партизан көшесі, 101 мекенжайындағы ғимаратта орналасқан. Күн саййын таңғы сағат 10-да бастау алатын сауда кешкі 7-ге дейін жалғасады.
