Құқық қорғау органдары

СҚО-да есірткі сатты деген күдікпен 25 жастағы жігіт ұсталды

Облыста есірткі сатты деген күдікпен тағы бір жігіт ұсталды. Полицейлер 25 жастағы ер адамды Аққайың ауданындағы жанармай құю бекетінде құрықтады. Ол облыс орталығынан “Lada Granta” автөкөлігімен шыққан. Тінту барысында күдіктіден жалпы салмағы 5 грамм болатын аса қауіпті синтетикалық есірткінің 8 орамы тәркіленді. Медициналық куәландыру оның өзі де зиянды затты қолданғанын растады. Солтүстікқазақстандық бұрын бірнеше рет сотталған. Арам жолмен ақша табу ісін шамамен бір ай бұрын бастапты. Қамауға алынған тұлға психотроптық заттарды Петропавл аумағында таратқан. Ол енді алдағы 12 жылын темір торда өткізуі мүмкін.