Адам өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн фактілерді, мән-жайларды лауазымды адамдардың жасыруы заңға сәйкес жауаптылыққа алып келеді. Жаңа Конституцияның жобасындағы 34-ші бапта осылай жазылған. Бұл өзгеріске «AMANAT» партиясы Мамлют аудандық филиалының атқарушы хатшысы Мәдина Төлекова жоғары баға береді. Нәзікжандының сөзінше, ұсыныстар негізінде жасалатын саяси қадам тәртіпті күшейтеді, еліміздің дербестігін айқындайды.
МӘДИНА ТӨЛЕКОВА, «AMANAT» партиясы Мамлют аудандық филиалының атқарушы хатшысы:
— Менің ойымша, бұл қадам еліміздің демократиялық ел екенін айқындай түседі. Сонымен қатар, халық үніне құлақ асатын Үкімет құруға мүмкіндік береді. Бізге осындай серпіліс қажет болады. Алдымызда маңызды науқан тұр. Сонда біріміз қалмай дауыс беруіміз қажет. Себебі, Ата заңдағы өзгерістер сіз бен бізге, балаларымыз бен болашақ ұрпақтың өміріне оң әсер етеді.
