М.Жұмабаев ауданының ардагерлері конституциялық реформаға қатысты өз ой-пікірлерін білдірді. Аға буын өкілдерінің сөзінше, жаңартылған Ата заңда “адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін” қағидаты айқын көрініс тапқан. Жақында ауданда Конституция жобасын талқылауға арналған жиын өтіпті. Басқосуда жоба жан-жақты талқыланып, қатысушылар тарапынан бірауыздан қолдау тапқан.
СЕРІК ЫСҚАҚОВ, М.Жұмабаев ауданы ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары:
— Жиынға ардагерлер, тілшілер және қоғам белсенділері қатысты. Баршамыз Ата заң жобасын талқыладық. Қатысушылар Конституциялық жобаны бірауыздан қолдады.
Ел азаматы, аудан белсендісі Мейрам Рыспаев та жаңғыртылған Ата заң бойынша өз пікірін білдірді. 70-ке таяп қалған қоғам белсендісінің сөзінше, тәртіпке бағынған ел ешқашан құл болған емес.
МЕЙРАМ РЫСПАЕВ, “Мақсат” қазақ ұлттық орталығының жетекшісі, М.Жұмабаев ауданы:
— Заңнамаларға өзгерістер енгізіліп, қаралып, талқыланып, сарапқа салынып жатыр. Ата заңның 84 пайызына өзгеріс енгізілмек. Бұл елімізде болып жатқан негізгі заңдарды жаңарту қажеттігін айқындайды.
Аудан ардагерлері мен қоғам белсенділері конституциялық реформаны қолдап, оның ел дамуына оң әсер ететініне сенім білдіріп отыр.
Мәдина Қаби
