Sailau banner

Балалар

Еркінай Жамалова: «Мемлекеттің болашағы ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты»))

Бұл – Мамлют ауданындағы Воскресеновка ауылының тұрғыны Еркінай Жамалова. Зейнеткер осыдан 5 жыл бұрын мемлекеттік бағдарлама арқылы Түркістан облысынан солтүстікке қоныс аударған. Қазіргі таңда ауылдық округтің ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметін атқарады. Талай жыл ұстаздық қызмет атқарған азаматша жаңа Ата заң жобасын жарияланған күні-ақ оқып шығыпты.

ЕРКІНАЙ ЖАМАЛОВА, Воскресеновка ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы, Мамлют ауданы :

Конституцияның жаңа жобасында барлық мәселе қарастырылған. Мысалы, отбасыны, ата-аналарды, патронаттық тәрбиеде өсіп жатқан жандарды қолдау тұстары бар. Сосын халықтың әл-ауқатын көтеру, білім құндылықтары, заң мен тәртіп үстемдігін қамтамасыз ету мәселелері де қарастырылған.

Еркінай Жамалованың 3 баласы, 8 немересі бар. Ұлын ұяға, қызын қияға қондырған жан жаңа Ата заң жобасында ұрпақ тәрбиесі мәселесіне баса назар аударылған деп есептейді.

ЕРКІНАЙ ЖАМАЛОВА, Воскресеновка ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы, Мамлют ауданы:

Өзім мектепте жұмыс істегендіктен бұл мәселе мені алаңдатады. Өзім біліммен қатар тәрбиені де алып жүруді жақсы көремін.

Талай шәкіртті қанат қақтырған, бала тәрбиесімен айналысқан жерлесіміздің өмірден түйгені мол. Ол отбасы кіші Отан деп санайды. Шаңырақтың шайқалуына қарсы. Ұлағатты ұстазды қоғамдағы ажырасу мәселесі қатты алаңдатады. Айта кетейік, өңірде былтыр екі жақты келісім бойынша 800-ге жуық ерлі-зайыпты ажырасқан.