Қазақстан Республикасы – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет. Мемлекеттің ең жоғары құндылығы – адам мен оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Жаңа Ата заңның жобасындағы бірінші бапта осылай жазылған. “Мағжан жұлдызы” аудандық газетінің бас редакторы Еркебұлан Елубаев саяси маңызды құжатпен танысып шығыпты. Ел өміріне тікелей әсер ететін өзгерістерді қойын дәптеріне түртіп те алған. Тілші 15-ші наурызға белгіленген республикалық референдумның маңыздылығын айта келе, солтүстікқазақстандықтарды дауыс беруге шақырады.
ЕРКЕБҰЛАН ЕЛУБАЕВ, “Мағжан жұлдызы” аудандық газетінің бас редакторы:
— Конституцияға енгізілген жаңа өзгерістер өте маңызды деп білемін. Соның ішінде адам құқықтары мен бостандығына ерекше мән берілген.
