Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістер – ел дамуы үшін маңызды қадам. Бұл – Мағжан Жұмабаев ауданы орталығында орналасқан Батыр Баян атындағы мектеп-гимназиясы директорының орынбасары Анара Қыдырминаның пікірі. Ұстаз саяси маңызды құжаттың жобасында адамдардың құқықтарын қорғауға басымдық берілген, әділетті қоғам құруға, заң үстемдігін нығайтуға айрықша назар аударылған деп санайды.
АНАРА ҚЫДЫРМИНА, Батыр Баян атындағы мектеп-гимназиясы директорының орынбасары, М.Жұмабаев ауданы:
— Конституциялық реформа білім саласына оң әсерін тигізеді. Біз жас ұрпақты заңды құрметтеуге, әділдікке және жауапкершілікке тәрбиелейміз. Ал Ата заңымыздың жобасында бұл жайлы бірсыпыра өзгеріс бар. Қазір соларды оқушыларға айтып жатырмыз. Менің пікірімше, енгізілетін өзгерістер елдің ұзақ мерзімді дамуына негіз болады, жас буынның саналы әрі белсенді азамат болып қалыптасуына жол ашады.
