Sailau banner

СҚО әкімдігі

Әкежан Қажығалиев: “Адами капиталды дамыту өте маңызды”

Конституция жобасының 33-ші бабында білім беру мәселесі де қарастырылған. Оған сәйкес әрбір ҚР азаматы бастауыш және орта білімді мемлекеттік мекемелерде тегін алуға мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, барлық білім беру ұяларындағы бағдарлама жалпыға міндетті стандарттарға сәйкес жүргізілуі тиіс.

ӘКЕЖАН ҚАЖЫҒАЛИЕВ, Мамлют ауданы білім бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі:

— Жалпы, 33-ші бапта бастауыш және орта білімді тегін беру туралы айтқан болатын. Ол өте жақсы ұстаным деп айта аламын. Қазіргі таңда адами капиталды дамыту өте маңызды болып табылады. Яғни, бастауыш, орта білімді тегін алған оқушы әрі қарай жоғарғы оқу орнына конкурс арқылы грантқа түсіп, өзінің таңдаған мамандығы бойынша білім алады.