Sailau banner

Қоғам

Жеңілдетілген декларацияға өту үшін 16 күн қалды

Кәсіпкерлердің құлағына алтын сырға! Жаңа салық кодексінің енгізілуіне сәйкес, отандық іскер жандар қазір таңдау қажет. Нақтырақ айтсақ, олар оңайлатылған декларацияға өту керек. Сонда шоттарынан қазынаға аударылатын қаржының көлемі азаяды.

РУСЛАН ТӨЛЕПОВ, Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы:

— Биылғы жылдың 1-ші наурызына дейін Петропавлдағы барлық кәсіпкерлер жеңілдетілген декларацияға өту үшін өтініш беруі тиіс. Оны беріп үлгермеген жандар автоматты түрде жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне көшірілетін болады. Бұл арқылы кәсіпкерлер көбірек салық төлейді.

Өтінішті электронды форматта Kaspi және Halyk банкі қосымшалары арқылы ұсынуға болады. Егер тұлға өзге бағытты таңдаса, оны түзете алады.

РУСЛАН ТӨЛЕПОВ, Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы:

— Петропавл бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде “Халық бухгалтері” акциясы өтеді. Ол күн сайын сағат 13:00-ге дейін жалғасады. Бұл уақыт аралығында салық төлеушілер, жеке кәсіпкерлер өздерін алаңдатқан сұрақтарына жауап ала алады.

Айта кетейік, қазіргі таңда Петропавлда 10 мыңға жуық кәсіпкер жеңілдетілген декларация режиміне өткен. Бұл шаһардағы барлық салық төлеушінің 70 пайызын құрайды.

 

Ұлан Ыдырыс