СҚО әкімдігі

Жаңа Ата заңда азаматтардың цифрлық құқықтары қорғалады

Цифрлық технологиялар жыл сайын қарыштап даму үстінде. Осы орайда ел тұрғындарының көптеген жеке деректері онлайн платформада сақталады. Бірақ, ол қаншалықты қорғалған? Себебі, кибералаяқтар кейде азаматтардың жеке деректерін пайдаланып, сол арқылы арам пиғылдарын іске асырады.

АЖАР ҚОЗЫБАЕВА, Мамлют ауданы Жастар ресурстық орталығының маманы:

— Конституцияның жаңа жобасы заманауи талаптарға сай деп ойлаймын. Мәселен, азаматтардың цифрлық құқығы қорғалады деп жатыр. Яғни ел тұрғындары өздерін онлайн кеңістікте емін-еркін сезінеді. Ең бастысы, адамдардың жеке мәліметтері олардың келісімімен әрі заңды түрде қолданылады. Осы салада жұмыс істейтін компаниялар оған толықтай жауап береді. Цифрлық технологиялардың дамуы ел азаматтарына қауіп емес, тек пайда әкелуі керек.