Қаңғырып жүрген мал ұрыға жем болады немесе жолға шығып кетіп, көлік апатына себепші болады. Полицейлері өңірде биыл төрт түлігі далада қараусыз қалған 100-ден астам тұрғында әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Қазір өңірде “Мал ұрлығы” жедел-профилактикалық шарасы өтіп жатыр. Мамандар көліктерді тоқтатып, құжаттардың дұрыстығын тексеруде. Айта кету керек, бүгінде облыста 900 мың бас мал бар екен.
ӘЙГЕРІМ ӘШКЕН, СҚО ПД криминалдық ПБ жедел уәкілі:
— Малдарыңызды бақылаусыз қалдыру арқылы сіз ұрлықшыларға жағдай жасайсыз. Тұрғындардан малдарын таңбалауды, сырға тағуды сұраймыз.