ТЖ

СҚО-да “Құтқарушының бір күні” атты акция бастау алды

Облыста “Құтқарушының бір күні” атты акция да бастау алды. Тәрбиелік шара аясында прокурорлар, тәртіп сақшылары мен білім басқармасының өкілдері оқушыларды полиция департаментінің музейіне әкелді. Өткеннен сыр шертетін орында мыңдаған жәдігер бар. Кездесуде тұрғындардың амандығы жолында өмірден өткен құтқарушылар жайлы сөз болды. Полицейлердің күндегі жұмысы туралы да біраз ақпар берілді. “Бұл мәліметтер мына тұрған ұл-қыздарға болашақта пайдасын тигізеді”, – деп санайды Петропавл қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Рауан Туғанбай. Айта кету керек, ұл-қыздар бұдан кейін өрт сөндіру бөлімдеріне барып, құтқарушылардың жұмысымен танысқан.

РАУАН ТУҒАНБАЙ, Петропавл қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры:

— Акцияның басты мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Акция аясында 300-ден астам жасты қамтуды жоспарлап отырмыз.