Sailau banner

Денсаулық сақтау

СҚО-да дәрігерлер 89 жастағы зейнеткердің өмірін құтқарды

Солтүстікқазақстандық дәрігерлер өмір мен өлім арасында жатқан зейнеткерді құтқарды. Жақында Көпбейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасына 89 жастағы кейуана түскен. Ол белі ауыратынына, аузы құрғап, жүрегі айнитынына шағымданған. Алайда, мамандарға қаралмапты. Жағдайы әбден нашарлаған соң ғана жедел жәрдем бригадасын шақыртқан. Медициналық мекемеге жеткізілген соң дәрігерлер науқасты мұқият тексерді. Нәтижесінде өт жолында тас бар екені анықталды. Оны алып тастау үшін ақхалаттылар МӘМС аясында эндоскопиялық жолмен операция жасады. Ота сәтті өтті. Қазіргі таңда жерлесіміз өзін жақсы сезінеді.