СҚО әкімдігі

Республикалық референдум 15-ші наурыз күні өтеді

Конституциялық комиссияның 12 отырысының нәтижесінде жаңа Ата заңның қорытынды жобасы әзірленді. Мемлекет басшысы, биылғы жылдың 15 наурызында республикалық референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті:

— 2026 жылғы 11 ақпан Қазақстан Республикасы Конституцияның 44-бабының 10) тармақшасына және «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 18-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізілсін.
2. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы: «Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сауал қойылып, республикалық референдумға шығарылсын.

Осы орайда Мамлют ауданының тұрғындары Конституцияның жаңа жобасын қолдайтынын жеткізді. Сегізбай Қалдыбаевтың сөзінше, Ата заңдағы новеллалар мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне оң өзгерістер алып келеді. Оның нәтижесінде әкімдікте жұмыс істейтін қызметкерлер қағазбастылықтан босайды.

СЕГІЗБАЙ ҚАЛДЫБАЕВ, Мамлют ауданының тұрғыны:

— Мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру елдің дамуы мен халықтың өмір сүру сапасын арттырудың маңызды бағыты болып табылады. Қазіргі кезеңде негізгі міндеттердің бірі ол орталық пен жергілікті орган арасындағы өкілеттіліктерді айқындау, олардың дербестігін арттыру және мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін көтеру, сондай-ақ, басқару жүйесін цифрландыру болып табылады”.))

Ал аудандық мәслихат депутаты Жұлдыз Мұстафина Конституциялық жоба ел азаматтарының бостандығын және құқығын басты орынға қоятынын жеткізді.

ЖҰЛДЫЗ МҰСТАФИНА, Мамлют аудандық мәслихатының депутаты:

— Ең маңыздысы – заңнамада әр адамның жеке басына қолсұғылмаушылыққа құқығы бар. Яғни, мемлекет ең басты орынға адам және оның бостандығы мен құқығын қояды. Тіпті Ата заңның жаңа жобасын халықтың өзі референдумда шешеді. Бұл елдегі оң өзгеріс деп ойлаймын.

Мамлют ауданының тұрғындары Конституцияның жаңа жобасындағы өзгерістермен толықтай келісетінін әрі республикалық референдум барысында оған толықтай қолдау көрсететіндіктерін жеткізді.

Ұлан Ыдырыс