Білім

Облыстық әкімдік отырысы: 2025 жылғы білім саласының қорытындысы талқыланды

Жиынға алқа мүшелері, ардагерлер кеңесінің өкілдері, басшылар кеңесі, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің жетекшілері, облыстық білім беру ұйымдарының директорлары қатысты. Отырыс барысында білім сапасын арттыру, инфрақұрылымды дамыту, педагогтердің кәсіби әлеуетін күшейту және мемлекеттік білім беру саясатын тиімді іске асыру мәселелері талқыланды.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

— Оқу-ағарту жүйесі – облысымыздың ең ауқымды әрі күделі салалалырының бірі. Бүгінгі таңда профильдік басқарманың қарамағында мыңнан астам білім беру ұйымы бар. Шамамен 100 мың бала оқумен қамтылып, 17 мыңнан астам педагог еңбек етуде. Білім беру саласын нығайту және дамыту бойынша мемлекет басшысы ұсынған бірқатар маңызды бастамалар жүзеге асып жатыр.

Облыста бүгінде 444 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Онда 15 мыңға жуық бала тәрбиеленуде. 2025 жылы Петропавлда ваучерлік қаржыландыру енгізіліп, 7 мыңға жуық ваучер берілді және нақты қатысу есебінен 630 млн теңге үнемделген. Сонымен қатар, былтыр 355 жаңа білім мекемесі ашылып, 280 орындық балабақша мен 50 орындық шағын орталық пайдалануға берілді.

АЙНАГҮЛ СҰРАҒАНОВА, СҚО білім басқармасының басшысы:

— Орта білім беру саласында басты назар білім сапасын арттыруға және қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайтуға бағытталған. Қазіргі оқу жылында облыста 439 білім беру ұйымы жұмыс істейді, онда 73 мыңнан астам оқушы білім алуда. Өңір үшін шағын жинақты мектептер мәселесі әлі де өзекті. Бүгінде олардың саны 325-ке жетіп, жалпы мектептердің 74 пайызын құрайды. 179 мектеп желі нормативіне сәйкес келмейді. Осыған байланысты жазғы кезеңде 7 мектеп жабылды.

Қазіргі уақытта Назарбаев Зияткерлік мектептері еліміздің барлық өңірінде 193 ауылдық тірек мектепке әдістемелік қолдау көрсетіп келеді. Оның 13-і Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Аталған білім беру ұйымдары заманауи оқу құралдарымен және жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мамандар бұл мектептерде білім сапасына талдау жүргізіп, педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған арнайы бағдарламаларды жүзеге асыруда.

ӘНУАР ЖАНҒОЗИН, НЗМ дербес білім беру ұйымының басқарма төрағасы:

— 2025 жылы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен Білім басқармасының қолдауымен аймақтағы 13 негізгі мектептің әлеуетін пайдалана отырып, 52 мектепті қамтитын жоба жүзеге асырылды. Жобаның басты мақсаты – үздік тәжірибені басқа мектептерге жеткізу болды. Бастапқы кезеңде мұғалімдердің кәсіби қажеттіліктері сараптамалық бақылау, сабақ талдауы және мектеп жетекшілерін психометриялық зерттеу арқылы анықталды.

Жалпы, бүгінгі таңда елімізде 18 мыңнан астам оқушы мемлекеттік тілде білім алады. Бұл жалпы оқушылар санының 25%-ын құрап, ана тілінде оқитын қазақ балаларының 56,7%-ын қамтиды.