СҚО әкімдігі

Марина Коробкова: “Әрбір мемлекет азаматы тегін медициналық көмек алуға құқылы”

Ел Президентімен мақұлданған жаңа Конституциялық жоба денсаулық сақтау саласына оң өзгерістер алып келеді дейді Марина Коробкова. Нәзікжанды – Мамлют аудандық ауруханасы директорының міндетін атқарушы. Ол 12 жылдан бері медицина саласында жұмыс істеп келеді. Айтуынша, Ата заңда әрбір мемлекет азаматы тегін медициналық көмек алуға құқылы.

МАРИНА КОРОБКОВА, Мамлют аудандық ауруханасы директорының міндетін атқарушы:

— Конституция жобасында тайға таңба басқандай әр азамат тегін медициналық көмек алуға құқылы екені белгіленген. Сонымен қатар, ақылы түрдегі қызметтерді өзі таңдауға мүмкіндігі бар. Себебі, мемлекеттің басты байлығы – бұл халық. Ал олардың денсаулығын сақтау, құқықтарын қорғау – үкімет жұмысының маңызды бағыты.