Мамлют ауданындағы Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Манас Дәулетпеков елімізде орын алып жатқан конституциялық реформалар жайлы өз пікірін білдірді. Оның сөзінше, аудан жастары Ата заңдағы өзгерістер жайлы хабардар әрі оны қолдайды. Себебі, бұл заңнамадағы новеллалар елдің дамуына керектінің бәрін қамтыған. Оның ішінде халықтың үніне құлақ түретін үкімет құруға баса назар аударылған.
МАНАС ДӘУЛЕТПЕКОВ, Мамлют ауданы Жастар ресурстық орталығының жетекшісі:
— Бір палаталы парламент шешімді тез қабылдайтын тиімді жүйе болмақ. Ал «Халық кеңесі» мемлекеттегі өзекті мәселелерді қоғам талқылайтын алаң атанады. Мен бұны құп көремін. Ал вице-президент лауазымының енгізілуіне келсек, ол да дұрыс шешім. Бұл биліктің тұрақтылығын нығайтып, мемлекеттік басқаруды жеңілдете түседі. Өзім аудан жастары атынан бұл өзгерістерді қолдайтынымызды жеткізгім келеді.