СҚО әкімдігі

Мамлют ауданының ардагерлері Ата заңдағы өзгерістерді құптайды

Мамлют ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Төлеген Омаров конституциялық реформа бойынша өз ой-пікірін білдірді. Ел ағасы Ата заңдағы өзгерістер жастардың дамуына бағытталған дейді. Ақсақалдың айтуынша, болашақты айқындайтын заңнаманың жаңа жобасын Мамлют ауданының ардагерлері қолдайды.

ТӨЛЕГЕН ОМАРОВ, Мамлют ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы:

— Біз Мамлют ауданының ардагерлері Конституцияның жаңа жобасын оқып, таныстық. Өте қуаныштымыз, Ата заңның жаңа жобасын қолдаймыз.