Мәдениет

Мағжан Жұмабаев ауданының бишілері кеш өткізді

Мағжан Жұмабаев ауданының орталығында жергілікті «Ханшайым» үлгілі би ұжымының есеп беру концерті өтті. Кеште «Грация», «Салтанат», «Искорка», «Балапан» және «Бусинки» сынды топтардың да бишілері өнер көрсетті. Бойды елітетін музыка, көздің жауын алатын киімдер және үйлесімді қимыл. Бұлар көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлады. Шара барысында «Ханшайым» ұжымы аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Ал сахнаның сәніне айналған түлектеріне естелік мүсіншелер табысталды. Есептік концертте ән де шырқалды.