Тұрмыстық зорлық-зомбылық, сталкинг және ұл-қыздар арасындағы жанжалдар. Бұлардың алдын алу және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында қоғамдық даму және ақпарат орталығы мамандары мен полицейлер бірлескен акция ұйымдастырды. Іс-шара Қазақстан Конституциясы көшесі бойында өтті. Оның барысында тұрғындарға ақпараттық жадынамалар таратылды. Қағазда тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау, сталкингтің қауіптілігі және кәмелетке толмағандар арасындағы жанжалдың салдары туралы жазылған. Сонымен қатар, азаматтарға өз құқықтарын білу, заң аясында көмекке жүгіну жолдары және сенім телефондары туралы мәлімет берілді.
ГҮЛБАҚЫТ БАЙБОСЫНОВА, СҚО ІСБ қоғамдық даму және ақпарат орталығының маманы:
— Көп адамдар өздерінің құқығын білмей жатады. Әсіресе, оқушылар үндемей қалады. Қоғамның сауатын арттыру мақсатында осындай іс-шара өткізіп отырмыз. Әрбір адам өз-өзін қорғай білуі қажет.