Теміржол бойымен жүрме! Жолаушылар платформасындағы қауіпсіздік сызығынан аспа, тоқтап тұрған вагонға сүйенбе. Осы сияқты сақтық ережелерін желілік полицейлер тұрғындарға түсіндірді. Қазіргі таңда өңірде “Назар аударыңыз! Жолда – адам! акциясы өтіп жатыр. Басты мақсат – пойыз маңындағы жайсыз жайттардың алдын алу. Сонымен қатар, халықтың сауаттылығын арттыру. Бірақ, теміржол бойындағы ережені ескермейтін жандар жетерлік. Екі күннің ішінде тәртіп сақшылары 30-дан астам адамды әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Жазаланғандардың дені – ішіп алып, қоғамның берекесін алған жандар.
ДУЛАТ ДІРКЕНОВ, Петропавл станциясындағы желілік полиция бөлімінің бастығы:
— Тұрғындардың амандығын қамтамасыз ету – біздің басты міндетіміз. Акция барысында желілік полиция қызметкерлері теміржол вокзалы маңындағы үйлерге барып, ондағы азаматтармен тілдесуде.