Sailau banner

Білім

Жаңа Конституция жобасы: білім беру ісіндегі өзгерістер

Алдағы уақытта еліміздің білім беру ісінде маңызды өзгерістер орын алуы ықтимал. Бұл жаңадан қабылданатын Конституциямен тікелей байланысты болмақ. Қоғамның қызу талқысына түскен Ата заңымыздың жобасында дін мен мемлекеттің ара-жігі нақты ажыратыла жазылған. Мұндай қадам білім беру мен тәрбие жүйесінде зайырлылық сипатын айқындайды. Яғни, оқу үрдісіне асыл дініміз қосылмайды. Қазір теріскейлік ұстаздар қауымы жобамен танысып, өздерінің оң бағаларын беруде.

АЙНАГҮЛ СҰРАҒАНОВА, СҚО білім басқармасының басшысы:

—  Білім саласына қатысты бірнеше өзгеріс болады. Енді барлық білім мекемесіне бірдей талап қойылмақ. Яғни, мемлекеттік, жекеменшік деген статустар назарға алынбайды. Одан бөлек, еліміздің әр азамат тегін білім алуға құқылы.