Жыл басынан бері, яғни 40 күнде өңірде 28 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 9 адам қаза тауып, 36 адам жарақат алды. Тәртіп сақшылары қайғылы жайттардың алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстарды күшейтті. Профилактикалық шараларға патрульдік полиция батальоны мен учаскелік инспекторлар ғана емес, аудандық бөлімдердің басшылары да тартылған.
— Добрый вечер. Заместитель начальника ДП полковник полиции Жумалиев. Остановили вас с целью предупреждения об опасных участках. У нас участились ДТП. Проводим акцию на дорогах; останавливаем водителей и предупреждаем; если чувствуете усталость – надо остановиться. Ремень пристегивайте. Телефоном – просим не пользоваться. И – не нарушать скоростной режим. Счастливого пути!
Профилактикалық жұмыс республикалық «Астана – Петропавл» тас жолы бойындағы Астраханка ауылында да өтті. Темір тұлпар тізгіндегендерді Полиция департаменті бастығының орынбасары Марат Жұмалиев пен жергілікті бөлім басшысы Пётр Климов тоқтатып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
МАРАТ ЖҰМАЛИЕВ, СҚО ПД бастығының орынбасары:
— Біз жүргізушілерге жол-көлік оқиғаларына жол бермеу қажеттігін ескертеміз. Бұл жұмысты күн сайын жүргізіп жатырмыз. Темір тұлпар тізгіндеген жандарға ұялы телефонды рөлде отырып пайдаланбау, жылдамдықты асырмау қажеттігі айтылады. Сондай-ақ, жүргізуші шаршаған жағдайда кемпингке, жол жиегіне тоқтап, уақытылы демалып алу керектігін де еске саламыз. Бұл ескертулерді жүргізушілер оң қабылдауда.
Қазіргі таңда мамандар жол-көлік оқиғасының алдын алу мақсатында түрлі қолжетімді құралдарды қолдануда. Атап өтсек, жарық маяктары бар патрульдік көліктердің муляждары, жаяу жүргіншілер мен жануарлардың макеттері, интеллектуалды бейнекамералар және тіпті квадрокоптерлер. Алайда, ауқымды профилактикалық шаралардың өзі жүз пайыздық кепілдік бермейді. Апаттар әлі де орын алуда. Осы орайда полиция департаментінің мамандары жол қозғалысына қатысушылардың барлығын барынша мұқият болуға шақырады.
Ақтолқын Солтанханқызы