Sailau banner

Спорт

Спорт саласының өкілдері жаңа Конституция жобасын талқылады

Облыс орталығында Жаңа Конституция жобасы дене шынықтыру саласы өкілдерімен талқыланды. Арнайы ақпараттық жұмыс тобы құрамындағы белсенділер жиналған жандарға күтілетін өзгерістерді, негізгі басымдықтарды баян етті. Өзіміз жақсы білетіндей, жаңаратын Ата заңымызда адами капиталды дамытуға басымдық беріледі. Ал бұл спортшыларды даярлау ісіне ғылыми-әдістемелік тәсілдерді енгізуге мүмкіндік сыйлайды. Сонымен қатар, спорт медицинасын, талдауды, цифрлы шешімдерді және спорт саласындағы заманауи білім беру бағдарламаларын алға жылжытуға жағдай жасайды.

БОЛАТ БАЗАРБАЕВ, «Қоғамдык келісім» КММ басшысының орынбасары:

— Біз аса маңызды құжатты қабылдаудың алдында тұрмыз. Ата заңымыз ұсыныстар негізінде өзгермек. Ал өзгерістерді, түзетулерді барлығы білуі тиіс. Сол үшін спорт саласы өкілдерімен жүздесуді жөн көрдік. Адами капиталды дамытуға дене шынықтыру саласы айтарлықтай үлес қосады. Салауатты өмір салты – мықты қоғам, жас ұрпақ. Яғни, келешекте елімізде спортты одан әрі дамытуға басымдық беріледі. Бұған барлығымыз қуануымыз керек.

Дене шынықтыру саласы өкілдерімен кездесу монолог емес, диалог форматында өтті. Жиын соңында қатысушылар арнайы ақпараттық жұмыс тобы құрамындағы белсенділерге сұрақтарын қойды.

 

Байболат Құлтанов