Петропавл қаласындағы мектептердің бірінде оқушы сабаққа тапанша алып келген. Бұл туралы алдымен ата-аналар хабарлаған. Полиция департаменті мамандарының мәліметінше, табылған қару атыс қаруы емес, пневматикалық тапанша болып шықты. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Алайда аталған жағдай мектепте дүрбелең туғызды. Кәмелетке толмаған жасөспірімге ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ата-анасына да тиісті шара қолданылады. Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүргізілуде. Оның қорытындысы бойынша мектеп басшылығы мен оқу орнының қауіпсіздігіне жауапты күзет агенттігі қызметкерлерінің әрекеті қаралатын болады.
