Кішкентай датчик көпбаласы отбасыны үлкен қайғыдан қорғап қалды. Есіл ауданының орталығында өрт хабарлағыш болмағанда тілсіз жау баспананы орайтын еді. Жуынатын бөлмедегі қысқа тұйықталу салдарынан су жылытқыштың қыздырғыш элементі балқып, бөлмеге қолқаны қабатын ащы түтін тарала бастаған. Осы сәтте датчик іске қосылады. Дер кезінде қосылған құралдың дыбысын естіген нәзікжанды балдаларын дереу сыртқа алып шығып, өрт сөндірушілерді шақырған.
ӘСЕЛ МАҚҰМОВА, Явленка ауылының тұрғыны, Есіл ауданы:
— Осы датчиктің арқасында аман қалдық. Есіл ауданының өрт сөндіршілеріне көп рақмет, дер кезінде келді. Осындай құрылғы әр үйде болу керек деп есептеймін.
