Футболдан биылғы Қазақстан чемпионатының басталуына аз уақыт қалды. Осы күндері Түркияда кезекті маусымға дайындалып жатқан жергілікті “Қызылжардың” алғашқы 3 турдағы қарсыластары белгілі болды. Наурыздың 8-і күні петропавлдық ұжым ақтаулық “Каспийді” қабылдайды. Араға тура 7 күн салып, жезқазғандық “Ұлытаумен” күш сынасады. Ал дәл ұлыстың ұлы күнінде өз алаңында павлодарлық “Ертіспен” бағалы ұпайларды сарапқа салады. Өкінішке қарай, ауа райының қолайсыздығына байланысты “Қызылжар” маусымды Петропавлда бастамауы мүмкін. Әзірге алғашқы матчтардың қандай қалада өтетіндігі белгісіз.
