Sailau banner

ТЖ

Айыртау ауданында ауылдық мешіт жанып кетті

Айыртау ауданындағы Казанка ауылында мешіт жанып кетті. Өрт туралы хабар мамандарға кешкі сағат 9 кезінде түскен. Өрт сөндірушілер аудан орталығынан шығады. 50 шақырым жердегі ауылға жету үшін 40 минут уақыт жұмсаған. Оқиға орнына жеткен кезде мешіт орналасқан үйдің шатыры ортасына түскен. Адамдар арасында зардап шеккендер жоқ. От пешті пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамаудың салдарынан шыққан деген болжам айтылып отыр. Өртті сөндіруге аудандық өрт сөндірушілер мен ерікті құрылымдар қатысқан. Барлығы – 20-ға жуық адам мен 6 техника тартылған.