Өңірде «Қызметтік қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Полицейлер қызметтік қаруды пайдаланатын барлық ұйымдарды тексеріп жатыр.
АЗАМАТ САРМАНОВ – қалалық ПБ бөлімше инспекторы:
— Аталған іс-шараның мақсаты- қызметтік қарудың айналымына бақылауды күшейту. Заңнама талаптарын қамтамасыз ету.
Айта кетейік, орталықтандырылған сақтау пункттерінің қызметін солтүстікқазақстандық әуесқой аңшылар да пайдаланады. Төрт күн ішінде тәртіп сақшылары 23 нысанды аралап, сақтау талаптарын, қауіпсіздік шараларының сақталуын және құжаттардың дұрыс рәсімделуін тексерді.
Жалпы, жедел-профилактикалық іс-шара басталғалы облыста қызметтік қаруды сақтау және қайта тіркеу талаптарын бұзудың 6 дерегі анықталды. Заңды тұлғаларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.