Солтүстік Қазақстан облысында конституциялық реформа жөніндегі ақпараттық жұмыс тобы белсенді әрекет етуде. Спикерлер өңір ұйымдарына барып, алдағы өзгерістердің мән-мазмұнын түсіндіріп жатыр. Облыстық мәслихат депутаты Евгений Кинцель тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының ұжымымен кездесті. Ол негізгі жаңашылдық, олардың мақсаттары мен күтілетін нәтижелер туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайтуға, өкілеттіктерді қайта бөлуге және мемлекеттің әлеуметтік рөлін күшейтуге ерекше назар аударылатынын жеткізді.
ЕВГЕНИЙ КИНЦЕЛЬ, облыстық мәслихат депутаты:
— Қазір біз ҚР азаматтарына, СҚО тұрғындарына жаңа Конституция жобасын түсіндіруге қатысудамыз. Мен күн сайын 2 ұжыммен кездесіп, күтілетін өзгерістерді баян етемін. Осындай кезеңде тұрғындармен кездескеніме өте қуаныштымын. Бұл – біздің міндетіміз. Адамдар сұрақтар қояды. Көбін заңда, сот жүйесінде, жергілікті басқаруда адам құқықтарының сақталуы қызықтырады. Өте орынды сауалдар. Бірлесе талқылаймыз, әрбір жанмен тілдесуге дайынмын.