Қоғам

СҚО-да екі бірдей аудандық білім бөлімінде құқық бұзушылық тіркелді

Тайынша және Уәлиханов аудандарының білім бөлімдерінде қызметкерге біліктілікті арттыру курстарынан өтуге байланысты іссапар шығындары төленбеген. Берілмеген қаражаттың жалпы сомасы 22 млн теңгеден асады. Прокурорлардың араласуымен кінәлі лауазымды тұлғалар заңда белгіленген жауапкершілікке тартылып, 128 қызметкерге 10 млн теңге көлемінде төлемдер жүргізілді. Қалған қызметкерлердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Жалпы, ағымдағы жылдың басынан бері прокуратура органдары 160 қызметкердің еңбек құқықтарын қорғады.