ТЖ

Петропавлда 3 темір гараж өртенді

Демалыс күні Петропавлда 3 темір гараж өртке оранды. Тілсіз жау Нұрсұлтан Назарбаев көшесі бойындағы 117-ші үйдің маңында бас көтерген. Оттың салдарынан нысанның ішіндегі “Toyota” маркалы көлік жаныпты. Оқиға орнына дер кезінде келген құтқарушылар жалынды ауыздықтап үлгерді. Жылжымалы мүлік жартылай зақымданған. Жалпы, өрт 40 шаршы метрді шарпыған. Зардап шеккендер жоқ. Аталған факті бойынша материалдар Петропавл қаласының полиция бөліміне жіберілді. Қазіргі таңда тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.