Қоғам

Орман мекемелері қызметкерлерінің еңбек құқықтары қалпына келтірілді

Аймақта орман шаруашылықтарының лауазымды тұлғалары 33 қызметкермен жасалған еңбек шарттары туралы міндетті мәліметтерді Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізбеген. Бұл заң бұзушылықтарды мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы мамандары орман шаруашылығы мекемелерінде еңбек заңнамасының сақталуына талдау жүргізу барысында анықтады. Сондай-ақ жұмыс уақытын есепке алу тәртібі бұзылған. Кейбір қызметкерлерге жұмыс орнында болмаған күндері үшін, оның ішінде шетелде болған кездерінде жалақы есептеліп отырған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 33 қызметкердің құқықтары қалпына келтірілді, мәліметтер жүйеге толық енгізілді. Негізсіз төленген қаражат бюджетке қайтарылып, 19 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.