Спорт

Надежда Морозова алғашқы сайыс күні үздік ондыққа енді

Төрт құрлықтың басты бәсекесінде үкілеген үмітіміз Надежда Морозова әлемдегі үздік ондыққа енді. Италияның Милан және Кортина қалаларында өтіп жатқан 25-ші қысқы олимпияда ойындарында жерлесіміз Надежда Морозова 3 мың метр қашықтықта конькимен жүгіруден сынға түсті. Оның нәтижесі бойынша солтүстікқазақстандық мәреге 4 минут 1 секундта жетіп, 6-шы орынға табан тіреді. Естеріңізге сала кетейік, өткен олимпиядада теріскейлік спортшы дәл осы қашықтықта 13-ші орынға жайғасқан еді. Енді конькимен жүгіру шеберінің келесі жарысы 1000 метрге болмақ, ол бүгін өтеді. Сайыс Астана уақытымен 21:30-да басталады.