Өңір жолдарында тағы да адам өлімі тіркелді. Ақпанның 7-сі күні “Жезқазған-Петропавл” тасжолында Shacman мен Tayota Camry соқтығысты. Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен оның қасында отырған жолаушы сол жерде қайтыс болды. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ал кешке “Мамлютка-Қостанай” бағытындағы тасжолда Камаз бен Audi қақтығысып, екінші темір тұлпардың рөліндегі адам ажал құшты. Қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар, қазір мамандар қос апаттың себептерін анықтауда.
АНАР ЖЫЛҚЫБАЕВА, СҚО ПД анықтау басқармасының анықтаушысы:
— Жолдағы қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін жол қозғалысының ережелерін қатаң сақтау қажет. Алдын ала ауа райын қарап, көлікті дұрыстап қарап алған жөн.