СҚО әкімдігі

Әли Тұрысов: “Тарихымызды кино түсіру арқылы әлемге паш етуіміз қажет”

Қазақ киносы, музыкасы, әдебиеті ішкі нарықпен шектелмей, жаһандық кеңістікке шығуы тиіс. Ол үшін ұлтымыздың бай мұрасын заманауи талаптарға сай жаңғыртып, авторлық құқықты қорғау жүйесін күшейту қажет. Облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының директоры Әли Тұрысов осылай деп есептейді. Заманауи қоғамда мәдениет саласының экономикалық әлеуеті жоғары болуы шарт. Бұл туралы Мемлекет басшысы да атап өткен болатын. Әли Оралұлы жаңа Конституцияның Преамбуласына мәдениет те енгізілгеніне дән риза.

ӘЛИ ТҰРЫСОВ, облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының директоры:

— Енгізілетін жаңа Конституцияның 3-ші бабы бірінші тармағында Қазақстан Республикасы қызметінің негізгі қағидаттары ретінде “тарихи-мәдени мұраны сақтау”, “төл мәдениетті қолдау” сияқты маңызды жайттар енгізілген. Бұл – бұрын-соңды болмаған шара. Менің ойымша, тарихымызды кино түсіру арқылы әлемге паш етуіміз қажет. Ол үшін жіті зерттеген дұрыс. Себебі, қазақ даласында орын алған, біз білмейтін дүниелер жетерлік.