Sailau banner

Спорт

Жерлес велошабандоз Азия чемпионатында топ жарды

Осы күндері Сауд Арабиясының Әл-Қассим қаласында жасөспірімдер арасында велоспорттан Азия чемпионаты өтуде. Жарыстың екінші сайыс күнінде жерлесіміз топ жарды. Қызылжар ауданы, Бескөл ауылының тумасы Мансұр Бейсембай жекелей сында сәтті өнер көрсетті. Ол сайыс қорытындысы бойынша 24 шақырымды 29 минут 3 секундта еңсеріп, қарсыластарынан оқ бойы озып шықты. Айта кетейік, Азия чемпионатында 30-дан астам елден барған 100-ге жуық спортшы бақ сынауда. Жарыс 13 ақпанға дейін жалғасады.