Sailau banner

Денсаулық сақтау

СҚО-да нейрохирургтер күрделі операция жасады

СҚО-да МӘМС аясында 60 жастағы ер адамға күрделі ота жасалды. Науқасты бір ай бойы бас ауруы мазалаған. Тіпті, соңғы уақытта сөйлеу қабілеті нашарлап, бойында әлсіздік пайда болған. Ауруханаға жеткізілген жерлесімізді дәрігерлер МРТ аппараты арқылы тексереді. Нәтижесінде маңдай бөлігінде ірі кистозды түзіліс бары анықталады. Жүйеде сақтандырылған статусына ие азаматқа операция тегін жасалды. Ота 3 сағатқа созылған. Білікті нейрохирургтер маза бермеген ісікті алып тастады. Науқастың қазіргі жағдайы бірқалыпты.