Жаңа Конституцияда адамның құқығы мен бостандығына ерекше мән берілген. Адамның ар-намысы мен қадір-қасиеті қол сұғылмайтын құндылық ретінде қорғалады. Жеке тұлғаның дербестігі күшейтілді. “Мұның барлығы құқықбұзушылықтардың санын азайтады”, – дейді Қазақстанның Еңбек ері Геннадий Зенченко. Белгілі аграридің сөзінше, жаңа құжат әлеуметтік желілерден неше түрлі оқиғаларды көріп жүрген халықтың еш алаңсыз жүруіне мүмкіндік береді. Өзгертулер енгізілді, бірақ соңғы шешімді халық қабылдайды. Геннадий Геннадиевич осы шешім дұрыс деп санайды.
ГЕННАДИЙ ЗЕНЧЕНКО, Қазақстанның Еңбек ері:
— Жерлестерімді жалпыхалықтық референдумға белсенді қатысуға шақырамын. Таңдау жасамас бұрын құжатты жіті оқыған дұрыс. Салғырттық танытпай, салмақты шешім қабылдаңыздар. Себебі, бұл – ел тағдырына қатысты шара.
