Өңіріміздің құрметі азаматы Александр Казанцев елімізде өтіп жатқан конституциялық реформа жайлы өз пікірін білдірді. Оның сөзінше, Ата заңға қатысты болып өзгеріс заң актілерін тезірек қабылдауға ықпал етеді. Бір палаталы парламент яғни, Құрылтайдың тиімділігі де осы болмақ. Қазіргі таңда әлемде осы модельді 100-ден аса мемлекет ұстанады.
АЛЕКСАНДР КАЗАНЦЕВ, СҚО құрметті азаматы:
— Бір палаталы парламент барлық үдерісті тездетеді. Яғни, заң қабылдау да жеңіл әрі көп уақытты алмайды. Конституция жобасына әлі толықтырулар енгізіліп жатыр. Ел азаматтарынан көптеген ұсыныс түсуде, оның барлығын комиссия мүшелері ескереді деп ойлаймын.