Білім

Петропавлда жастарға ЖИ қолдануды үйретуге арналған оқыту курсы бастау алды

Петропавлда жастардың цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған “Al Engineering” атты жаңа білім беру жобасы бастау алды. Бес күнге жоспарланған оқыту курсына 30-ға жуық жас тартылған. Қатысушылар бағдарламалау негіздерін меңгеріп, жасанды интеллектке негізделген нақты жобалар әзірлейді. Сонымен қатар, алгоритмдермен жұмыс істеп, өз ойларын дайын өнім түрінде жүзеге асыруды үйренеді.

СВЯТОСЛАВ ЛЕНГАРД, С.Мұқанов атындағы облыстық кітапхананың Makerspace инженерлік кеңістігінің үйлестірушісі:

— Жасөспірімдер мен студенттерге жасанды интеллектіні үйрету бойынша қолға алынған бастама аясында қатысушылар Python тілін пайдалана отырып, өздерінің жеке дауыс көмекшісін жасайды. Әр сабаққа күніне 2 сағат арнап отырмыз. Қатысу тегін. Оқыту курсына қажетті барлық ресурстар ұйымдастырушылар тарапынан қамтамасыз етілген.