Қоғам

Өткен жылы петропавлдықтар 400-ден астам VIP-нөмір рәсімдеген

Петропавлдық темір тұлпар иелері былтыр 400-ден астам VIP-нөмір рәсімдеген. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 100 данаға көп. Азаматтар көбіне 010, 020, 030 сынды нөмірлерге қызығады екен. Өткен жылы олардың бағасы 57 АЕК-ні құраған. Сонымен қатар, жаңа тренд қатарында 015 тіркеу белгісі бар. Оны қаңтар айының өзінде 750 адам таңдаған. Ал жаңа жыл келісімен жаңа ереже қабылданды. Қазақстандықтар енді кез келген, өзіне ұнайтын бос нөмірді таңдай алады. Олардың барлығының бағасы бір, яғни 10-15 АЕК-ні құрайды. Айта кетейік, жалпы өңірімізде барлығы – 77 мың көлік тіркелген.