И. Шухов атындағы орталық қалалық кітапханада қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған «Ғасыр ақыны – Мұқағали» атты әдеби кеш өтті. Бұл шара барысында қатысушылар шалқар шабыт иесінің өмір жолы мен шығармашылық мұрасын еске алды. Жүрекке жетер туындыларымен қайта қауышты. Сыршыл ақынның өлеңдері өзі туған Қарасаз өлкесінің тауларындай. Кез келген адамды бірден елітіп алады. Бұны ашылу салтанаты кезінде ұйымдастырушылар да айтып өтті.
АЛТЫНАЙ СЫЗДЫҚОВА, И.Шухов атындағы орталық қалалық кітапхананың қызметкері:
— Мұқағали Мақатаевтың кітаптары әрқашан сұранысқа ие. Оның кітаптарын көбіне ересек адамдар сұрап келеді.
САМРАТ ҚҰСКЕНОВ, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі:
— Мұқағалидың поэзиясына келетін болсақ, ол әртүрлі бағытта жазған. Өлеңдерін ойдан-қырдан құрастырмаған. Жүрегі нені айтады, соны қағаз бетіне түсірген.
Мадина Қаби