СҚО әкімдігі

Галина Семенова: “Ата заңға өзгеріс енгізу – уақытында қабылданған шешім”

Ата заңға өзгеріс енгізу бір күнде қабылданған шешім емес. Облыстық мәслихат депутаты Галина Семенова осындай пікір ұстанады. Халық қалаулысының айтуынша, бүгінде мемлекеттің басқару ісінде “жеті рет өлшеп, бір рет кес” қағидасы байқалады. Яғни, қазір ел билігі әр тұсты саралауда. Ал майшаммен қаралған іс түптің түбінде оң нәтиже әкеледі. Белсенді азаматшаның солтүстікқазақстандықтарға айтары бар. Ол теріскей тұрғындары өзгерістерден хабардар және алдағы тарихи оқиғаның қатысушысы болғанын қалайды.

ГАЛИНА СЕМЕНОВА, облыстық мәслихат депутаты:

— Алдағы реформа біраз уақыт зерттелді. Конституцияға өзгеріс енгізу бойынша халықтан, түрлі деңгейдегі партиялардан, заң саласының басы-қасында жүрген білікті мамандардан түрлі ұсыныстар жолданды. Оларды жұмыс тобы қарады. Енді біздің алдымызда таңдау жасау күні тұр. Осы орайда айтарым, халық өзгерістерден хабардар болу керек. Себебі, бұл әрбірімізге қатысты өзгеріс болмақ.