СҚО әкімдігі

Ардагерлер жаңа Ата заңның жобасын талқылады

Жаңа Ата заңның жобасын қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері талқылады. Кезінде елге еңбегі сіңген жандар белсенді. Олар қоғамдағы өзгерістерге әлі де бейжай қарай алмайды.

ЖАНГЕЛДІ ТӘЖИН, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

— Біз аға буын ретінде өкілдері елдегі өзгерістерге құлақ түріп отырамыз. Бүгін өзгерістерді талқылаймыз. Бізді жанұяға, ұрпақ тәрбиесіне қатысты заңдар қызықтырады.

Кездесуге Ұлттық құрылтайдың 5 бірдей отырысына қатысқан Сергей Худяков арнайы шақырылған. Қоғам белсендісі келешекте күтілетін өзгерістерге тоқталып өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясына қатысты да пікір білдірді. Өзіміз білетіндей, бұл саяси институт таратылады.

СЕРГЕЙ ХУДЯКОВ, Ұлттық құрылтай қатысушысы:

— Конституцияға қатысты өзгерістерге қысқаша тоқталдым, туындаған сұрақтарға жауап бердім. Көбін Ассамблеяның болашағы қызықтырады. Біздің көпұлтты елімізде бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету өте маңызды. Сондықтан, жаңадан құрылатын Халық кеңесінде этномәдени орталықтардан 42 адам болады. Менің ойымша, аймақтардағы ең лайықты жандар тізімге қосылады. Міне, солар мемлекетті басқару ісіне қатысады.

Қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері өзгерістерді талқылау, түсіндіру жұмыстарын жалғастырмақ.

 

Байболат Құлтанов